Шакенова Анара Нургазыевна
ШҚО Мәдениет басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК солисті
ШҚО Мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК солисті.
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.
2000–2003 жж. халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚӨУ-нің дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныбында фортепиано классы бойынша білім алды.
2003–2007 жж. халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚӨУ-де оқыды.
2008–2010 жж. Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваториясында білім алды.
2010–2012 жж. «Фортепиано» кафедрасының доценті, оқытушы Дана Әлидің шақыруымен Астана қаласындағы ҚазҰӨУ ауысты.
2007–2010 жж. Алматы қаласындағы «Квинта» музыка мектебінде вокал сыныбының оқытушысы болып жұмыс істеді.
2010–2018 жж. Астана қаласындағы «Astana music Studio» музыкалық студиясында вокал сыныбының оқытушысы болды.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚӨУ-де оқытушы және концертмейстер қызметін атқарады.
2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының солисті.
Шакенова Анара кәсіби вокалмен ерте жастан айналысып, республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген вокалдық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Солардың ішінде:
2000 ж. АҚШ, Мичиган штаты, Детройт қаласында өткен халықаралық эстрадалық вокал байқау-фестивалінде ІІ орын;
2002 ж. Ялта қаласында өткен халықаралық эстрадалық вокал байқауының лауреаты;
2005 ж. Мыски қаласында өткен халықаралық эстрадалық вокал байқауының лауреаты.
Сонымен қатар еліміздің әртүрлі қалаларында өткен көптеген республикалық вокал байқауларының лауреаты.
Анара Шакенова қалалық және облыстық деңгейде өткізілетін барлық іс-шараларға, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясындағы ШҚО бойынша гастрольдік концерттерге белсенді қатысады.