Ес Абзал
Жанатұлы 1994 жылдың 20 шілде күні дүниеге келген.
2011–2015
жж. Біржан сал атындағы музыкалық колледжде білім алды, Көкшетау қаласы.
2017–2021
жж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдады.
Мамандығы:
вокалдық өнер
2015–2016
жж. — Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның вокалисті
2018–2019
жж. — Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында
миманс, Алматы қаласы
2020–2022
жж. — «Ертіс концерт» КМҚК солисті, Өскемен қаласы
2021–2022
жж. — Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚО өнер училищесінде
оқытушы, Өскемен қаласы
2025 жылдан
бастап қазіргі уақытқа дейін — Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының солисті
Мәдени-көпшілік
және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып, патриоттық тәрбиені дамытуға және
ұлттық өнерді насихаттауға өз үлесін қосуда. Шығыс Қазақстан облысы бойынша
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясындағы гастрольдік концерттерге қатысады.
Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық патриоттық ансамблінің алғыс хаттары мен
құрмет грамоталарының иегері, сондай-ақ халықаралық, республикалық байқаулардың
жүлдегері.
Жетістіктері
мен марапаттары
2013 ж. —
«Академиялық ән айту» байқауы, II орын
2014 ж. — V
облыстық Дельфий ойындары, II орын
2014 ж. —
Республикалық жас вокалистер байқауы, II орын
2020 ж. —
Шәмші Қалдаяқов атындағы фестивальде эстрадалық әндерді орындағаны үшін марапат
2023 ж. — ҚР
Президентінің қатысуымен өткен бүкіләскери кеңеске қатысушы
2023 ж. — И.
Штраустың «Летучая мышь» опереттасының премьерасына қатысушы
2025 ж. — Е.
Хасанғалиев атындағы «Әдемі-ау» республикалық байқауының арнайы жүлде иегері