«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Риддер қаласының мәдени күні өтті!
???? Іс-шара бағдарламасында ұсынылғандар:
— «Абай және оның замандастары» атты көркем-танымдық экспозиция;
— халық қолөнері шеберлерінің көрмесі;
— Риддер қаласының туристік әлеуетінің таныстырылымы;
— қаланың жетістіктер көрмесі.
???? Күннің қорытындысы ретінде Риддер қаласының шығармашылық ұжымдарының гала-концерті өтті. Концерттік бағдарламада үздік вокалистер, би ансамбльдері мен аспаптық ұжымдар өз өнерлерін көрсетті.
Сахнада Риддердің рухын, тарихын және бірегейлігін бейнелейтін заманауи және халықтық әуендер шырқалды.
???? «Туған жер – алтын бесігім» жобасы тағы да туған елге деген сүйіспеншілік оның адамдарына, мәдениетіне және жетістіктеріне деген мақтаныштан басталатынын дәлелдеді!