19 қыркүйек күні «Туған жер – алтын бесігім» жобасы өз бастауын алды, жаңа маусымның шымылдығын Шемонаиха ауданының өнерпаздары ашты.
Іс -шара басталмас бұрын фойеде қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.
Аудан өнерпаздары өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынып, үздік нөмірлерін көрерменге паш етті.
Көрермендер әр нөмірді қошеметпен қарсы алды.