«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Самар ауданының мәдени күні өтті.
2025 жылдың 3 қазанында халық назарына мәдени мұра көрмесі, қолданбалы өнердің бірегей бұйымдары, сондай-ақ Самар ауданының әртүрлі салалардағы жетістіктері ұсынылды. Экспозиция аймақтың бай тарихын, рухани мұрасын және жасампаздық әлеуетін көрнекі түрде көрсетті.
Мерекелік күннің қорытынды шарасы – облыстық филармонияның концерт залында өткен «Самарым – шаттық мекенім» атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Бағдарламаға шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылардың дайындаған жарқын вокалдық және хореографиялық нөмірлері ұсынылып көрермендерге шабыт, қуаныш пен көтерінкі көңіл күй сыйлады.