11 қазан күні Улан ауданының Бозанбай ауылындағы «Бүркіт-төбе» алаңында «Шығыс Салбұрыны-2025» атты халықаралық фестивалінің жабылуы салтанаты өтті.
«Бүркіт-төбе» аумағында киіз үйлер тігіліп, қонақтар үшін түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылды. Фестиваль бағдарламасына — бүркітшілер жарысы, таныстырылым шаралары, концерттер және тазы иттер жарысы енді.
Мерекелік атмосфераны облыс аудандары мен қалалардан келген шығармашылық ұжымдар ерекше сәнге бөледі. Сонымен қатар Қазақстан эстрадасының жұлдыздары — Досымжан Таңатаров, «Алатау серілері» тобы және Кенжебек Жанәбіловтың жарқын әуендері ұлттық дәстүрлерді, музыкалық өнер мен заманауи сахналық қойылымдары концерттік бағдарламаның шырайын аша түсті.
Фестиваль тек спорттық және мәдени шара ғана емес, достық пен бірліктің нағыз мерекесіне айналып, көрермендер концерттік бағдарламаны зор ықыласпен қабылдады.