Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы жаңа концерттік маусымын ашты!
2025 жылдың 22 қыркүйек күні филармония көрермендер залында өнер сүйер қауым үшін шынайы мерекеге айналған әсерлі де мазмұнды іс-шара өтті.
Сахнада камералық оркестр, «Big Band» джаз оркестрі, «An.Sal.Dar.» тобы, «Алтай» би ансамблі, «Барқытбел» фольклорлық-этнографиялық ансамблі (Тарбағатай а.) және облыстық филармонияның солисттері өнер көрсетті.
Көрермендерге академиялық және джаз музыкасының туындылары, халық әндері, хореографиялық қойылымдар мен аспаптық композициялардан тұратын бағдарлама ұсынылды. Концерттік бағдарлама филармонияның орындаушылық шеберлігі мен сан алуан шығармашылық бағыттарының жоғары деңгейін көрсетті.
Маусымның ашылуы облыс үшін айтулы мәдени оқиғаға айналып, жыл бойы көрермендерді қуанта түсетін концерттер тізбегінің бастауы болды.