Катонқарағай ауданы «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында өнерлерін қала тұрғындары мен қонақтарына жоғары денгейде ұсынды!
Бүгін әр жан туған Алтайдың кең пейілін, туа біткен таланты мен қайталанбас рухын айқын сезді.
Қала тұрғындары мен қонақтарына халық шеберлерінің қолөнер бұйымдары мен бейнелеу өнерінің көрмелері, «Берел» музейінің экспонаттары, сондай-ақ Катонқарағай өңірінің рухы мен болмысын бейнелейтін жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылды.
Күннің мазмұнды бағдарламасы «Өнер және өр Алтай» концертімен түйінделіп, ауданның үздік шығармашылық ұжымдары көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлап, туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеді.