«Қарттар күні»
2025 жылдың 2 қазан күні Шемонаиха ауданының Выдриха ауылында орналасқан «Уба» шипажайында «Қарттар күні» мерекесі аталып өтті.
Қарттар күні – бұл аға ұрпақ өкілдеріне деген шексіз құрмет пен шынайы алғыс білдіретін ерекше күн. Бұл мереке – ел дамуына қосқан өлшеусіз еңбегі, жинақтаған өмірлік тәжірибесі мен жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі үшін білдірілетін терең ризашылықтың айғағы.
Мерекелік концерттік бағдарламада «An.Sal.Dar», «Дарабоз» топтары мен облыстық филармонияның солисттері қатысты. Әртістер көрермендер мен қонақтарға мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады.