2026 жылдың 04 қарашасы күні «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК концерт залында камералық оркестрдің «Жүректен жүрекке» атты концерті өтті.
2026 жылдың 04 қарашасы күні «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК концерт залында камералық оркестрдің «Жүректен жүрекке» атты концерті өтті. Көркемдік жетекшісі Мәдениет саласының үздігі Ольга Штрауб. 
Кеште ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Вячеслав Ткач, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Арника Байбусынова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Юлия Юрочкина, Владимир Романюк, Сергей Худяков пен Вадим Кудрявцев өнер көрсетті.
Концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жанды музыканың әсемдігімен ерекше әсер қалдырды.